09.09.2024
2024 жылғы 09 қыркүйек күні Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжінің спорт залында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы З. Р. Егізбай 2-4 курс студенттерімен бірге «Тоғызқұмалақ күніне» орай «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» аясында флешмоб өткізді. Тоғызқұмалақ - Қазақстандағы дәстүрлі логикалық ойын. Қазіргі уақытта тоғызқұмалақтан әлемдік деңгейде жарыстар өткізілуде. Іс-шараның мақсаты: білім алушыларды ұлттық спорт түрлеріне тарту. Кезінде атақты ақын-ағартушы Абай Құнанбаев ойынның жанкүйері болған. Ойын білім беру және практикалық аспектіні қамтиды (ойын математикалық қабілеттерін дамытады, оны көбінесе «дала шахматы» деп атайды). Іс-шараға қатысқан студенттер: 48 топ - Ульжабаев Азирет, 30 топ - Хмельницкий Ергали, 20 топ - Бабич Розалина, 20 топ - Политникова Анастасия өз қабілеттерін көрсетті.


